Мәслихаттардың 30 жылдығына арналған спартакиада мәресіне жетті
«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінде Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 30 жылдығына арналған жоғары оқу орындары студенттері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Спартакиада төрт спорт түрінен өтті: гір көтеру спорты, қол күресі, арқан тарту, асық ату және бес асық. Жарыстарға 12 жоғары оқу орнынан 360 студент қатысты. Қол күресі бойынша командалық есепте жеңіске Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері жетті. Гір көтеру спортында жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: бірінші орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, екінші орын – «Есіл» университеті, үшінші орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Асық ату жарысында: бірінші орынды – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы иеленді. Арқан тарту бойынша жарыста Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының қатысушыларына тең келер ешкім болмады. Спартакиаданың жалпы командалық есебінде бірінші орынды Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы иеленді.