Елорда тынысы

«Барыс» елордада «Салават Юлаев» командасымен ойнайды

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 62 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі төрт кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда Ресейде «Локомотив» (Ярославль) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 21 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск), 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button