Елорда тынысы

Үздік аспаздар анықталды

Елорданың Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде Түркия, Үндістан, Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мамандары бас қосқан «AstauFest-2024» V халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті.

Байқау Астанадағы тамақтандыру, қызмет көрсету саласы бойынша білім алып жатқан студенттер мен оқытушыларға арналды. 300-ден астам адамды қамтыған іс-шара қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласына заманауи технологияларды енгізу және осы тұрғыда кәсіби тәжірибені тарату, көбейту мақсатында ұйымдастырылды.

Фестивальге қатысушылар үшін халықаралық чемпионаттардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары «Кондитерлік өнімдер» және «Нан пісіру шеберлігі» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Сондай-ақ қатысушылар «2024 жылдың бас аспазы», «2024 жылдың бас кондитері», «CHOCOLATE SHOW», «SUGAR SHOW», «MASTIC SHOW», «2024 жылдың наубайшысы», «Бар қызметі», «SLOWFOOD» дәм зертханасы сынды номинациялар бойынша бақ сынады.

Жас аспаздарға арнап ұйымдастырылған іс-шаралардың ішінде «Мәдени дәстүрлердің жаңаруы: бастаудан қазіргі заманға дейін» ғылыми-тәжірибелік конференциясы да бар. Ал Астананың 9 бірдей мектеп оқушылары арқан тарту, ақ сүйек, орамал тастау, асық ату сынды ұлттық ойындардан байқауға қатысты.

Нәтижесінде Астана қаласының Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің студенті Әміржан Қайролла және жетекшісі Айым Құмарбековаға «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы жүлдесі және Анталья қаласына жолдама табысталды.

Индира Бержанова

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button