Қоғам

Елордалық оқушылар егістікті арам шөптен тазалайтын робот ойлап тапты

Астана қаласындағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында егістікті арам шөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

KazRobotix деп аталынатын 80 келі салмақтағы робот егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылар бұл роботты бір ай ішінде құрастырған.

Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арам шөптен тазарта алады.

Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды.

Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды тазарту, сондай-ақ рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button