Елорда тынысы

CTS хабарлайды: кейбір бағдарда өзгеріс бар

CTS компаниясының мәліметнше қоғамдық автобустардың кейбір бағдарында өзгеріс бар, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Төменде City Transport System сайтындағы соңғы ақпараттарды беріп отырмыз:

 

Жолаушылар назарына!

21 қазаннан бастап №№ 304. 312, 322 қала маңы бағдарларының жұмыс күнгі жүру кестесі өзгереді.
Жүру кестесін парақшамыздың актуалды сторисінен көруге болады.
*       *       *
№ 80 бағдар жолаушылары назарына!
№ 80 бағдарға 1 автобус қосылады. Енді бағдарда:
– 21 қазаннан бастап жұмыс күндері 8 автобус жүреді;
– 25 қазаннан бастап демалыс күндері 7 автобус жүреді.
Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте валидация жасап, жол ақысын төлеуді ұмытпаңыздар! Бұл бізге жолаушылар легін нақты есептеп, қосымша автобус қосуға септігін тигізеді.
*       *       *
№ 33 бағдар жолаушылары назарына!
19 қазаннан бастап қоғамдық көлікпен қамтуды жақсарту және түзулікті арттыру мақсатында № 33 бағыттың қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Енді ол А. Бөлекпаев көшесіне бұрылмай, Т. Жүргенов көшесімен тура Ш. Қалдаяков көшесіне дейін жүреді. Осылайша, “Әулие Ата”, “Өмір Өзен”, “Сатурн-2”, “Inju Promenade” ТК көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.
Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.
Автобустардың қозғалысын «Avtobys», 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақылауға болады.
*       *       *
Құрметті жолаушылар!
Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол ақысын қалай төлеуге болатыны туралы естеріңізге саламыз.
Елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны:
– Көлік картасымен;
– QR-кодты сканерлеу;
– банк картасымен;
– NFC технологиясы: Apple Pay, Samsung Play, Google Play;
– Аvtobus мобильді қосымшасымен Bluetooth, автобус коды, бақылау функциясы бойынша
төлеуге болады.
Жолақы құны – 110 теңге.
Жолақысын QR-кодты сканерлеу арқылы төлеу келесі мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді:
– «Altel»;
– «Beeline»;
– «Activ»;
– «Kaspi.kz»;
– «Tele2 Қазақстан»;
– «Avtobys»;
– «Halyk»;
– «Kcell».
Жолақы төлемі автобусқа кіргенде жүргізіледі.
*       *       *
Есіл өзенімен өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы аяқталды
LRT құрылысы аясында жүзеге асырылған Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы аяқталды.
Көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр. Құрылым төменгі жағында өтуі бар арка болып табылады, ал аралық доғасы байлау шыбықтарымен жабдықталған. Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық торы түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан, бұл жаңа нысанды қала инфрақұрылымына кедергісіз енгізуге мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған.
*       *       *

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button