«ESIRTKISIZ ELORDA» жобасы аясында кездесу өтті
Astana IT University-де жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Іс-шара тәуелділіктің жойқын зардаптары туралы хабардарлықты арттыру және оларды еңсеру жолдары туралы айту мақсатында өткізілді.
Іс-шарада спикер ретінде оңалту орталығы бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары және оңалту жөніндегі бағдарламаның жетекші маманы Абзал Тұяқов сөз сөйледі. Ол тәуелді адамдармен жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті, тәуелділіктің әртүрлі формалары, олардың ағзаға, психикаға және әлеуметтік өмірге әсері, сондай-ақ оңалту әдістері туралы айтты.
Кездесу қаланың жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы» КММ іске асыратын «Esirtkisiz ELORDA – дені сау ұрпақ» жобасы аясында өтті. Жоба дәрістер, тренингтер, спорттық іс-шаралар және психологиялық көмек арқылы салауатты өмір салтын қолдауға және тәуелділікпен күресуге бағытталған.