Елорда тынысы

Қариялар экологиялық бастама көтеріп, ағаш отырғызды

Астаналық қариялар экологиялық бастама көтеріп, ағаш отырғызды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Ұлытау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағына көшшет екті.

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында олар шырша қарағай ағаштарын отырғызды.

«Ұлытау» спорт кешені біз үшін екінші үй болды. Біз уақытымыздың көп бөлігін осы жерде белсенді өмір салтымен өткіземіз. Сондықтан бүгін біз екінші үйіміздің болашағы үшін тағы бір қадам жасауға осында жиналдық», — деді Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының нұсқаушысы Нұрқан Сембаев.

Орталықтың зейнеткерлері мен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне тұрақты келушілер осындай экологиялық акцияларды тұрақты негізде өткізеді.

«Бүгін біз спорт кешеніміздің айналасына тағы бірнеше ағаш отырғыздық, онда біз спортпен шұғылданамыз және ұзақ өмір сүреміз. Біз үнемі экологиялық акцияларға қатысамыз, соңғы екі жылда спорт кешеніміздің айналасына екі мыңнан астам ағаш пен бұталар отырғыздық. Сондықтан алдағы жылдары кешеннің айналасында үлкен әрі жақсы тоғай пайда болады деп сенемін», — деп бөлісті «Застава тарландары» шекарашы-ардагерлер республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жанарбек Мадединов.

Экологиялық акция аяқталғаннан кейін зейнеткерлер волейболдан турнирге қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button