Елорда тынысы

«Елорданың жүз жарқын бейнесі»

Республика күніне орай Астанада 24 қазан күні сағат 15.00-де «Елорданың жүз жарқын бейнесі» атты фотокөрме өтеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бұл шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында туған жерге деген сүйіспеншілік пен экологиялық жауапкершілікті дәріптеуге арналған маңызды бастама болып саналады.

Іс-шара Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсыры бойынша өтіп жатыр.

Көрме елордамыздың тазалығы мен абаттандыруы үшін белсенді еңбек етіп жүрген қала тұрғындарының үлесін айқындап көрсетеді. Экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғау мен қаланы көркейтуге бағытталған бұл бастама қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосқан жандардың еңбегін елге таныту мақсатында ұйымдастырылады.

Фотокөрмеде елорданың тазалығына үлес қосқан белсенді қала тұрғындарының еңбегін бейнелейтін 100 сурет А3 форматында ұсынылады.

Жиын барысында қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығына байланысты маңызды мәселелер көтеріліп, қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған диалог алаңдары да ұйымдастырылады.

Фотокөрме Тұран 37, даңғылында орналасқан «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button