Білім

Үздік педагогтер марапатталды

Елордалық педагогтер «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

 Астана қаласының Білім басқармасы «Үздік педагог-2024» атағын беру республикалық конкурсының жеңімпаздарын хабарлайды:

– Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының химия пәні мұғалімі Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы;

– Астана қаласы әкімдігінің «Сұлтанбек Қожанов атындағы № 64 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының география пәнінің мұғалімі Киргизбаева Баян Даутбаевна;

–  Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тарих пәнінің мұғалімі Ұзақбайқызы Гүлназия;

– Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Хлыбов Андрей Леонидович;

– Астана қаласы Білім басқармасының «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы пәндер оқытушысы Сүндетова Айнагүл Қалиқызы.

Адал әрі табанды еңбек етіп, балаға үйретуден жалықпайтын ұстаздар қауымы түрлі ізденістері мен тың жобалары арқылы бүгінде білім берудің сапасын арттырып келеді.

Индира Бержанова

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button