Елорда тынысы

Төле би көшесінде жол торабы пайдалануға берілді

Астанада Төле би көшесінің учаскесінде жол торабы ашылды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

27 қазаннан бастап Астанада Төле би көшесінің бойындағы Қ.Мұхамедханов көшесінен Халифа бен Зейд Әл-Нахайян көшесіне дейінгі жол торабы пайдалануға берілді.

Бұл іс-шаралар Төле би/Қ.Мұхамеджанов көшелерінің қиылысында бағдаршам нысанын орнатуды қамтитын жаңа қиылысты жайластыру бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында мүмкін болды.

Бұл өзгерістер осы аудандағы жол қозғалысының қауіпсіздігін және жалпы қозғалыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл ретте іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button