Елорда тынысы
Елордалық палуан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Елордалық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 97 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Ризабек финалда ирандық Махди Морафахты айқын жеңіспен тізе бүктірді.
Ризабек Айтмұханның финалға дейінгі қарсыластары:
1/8 финал – Каллум Виллиам Нокс: 11:0; 1/4 финал – Владислав Козлов 10:0; 1/2 финал – Шамил Имам Гаджалиев 7:4;
Финал – Махди Морафах 11:6.
Айта кетейік, Ризабек 2023 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын, сондай-ақ осы жылы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік доданың үздігі атанды.