Қоғам

Үйлестіру кеңесінде жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды

Астанада Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері, сарапшылар және ЖРО басшылары жастарды қолдауға бағытталған өзекті мәселелер мен бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, жастардың даму индексі, NEET санатындағы жастармен жұмыс және тағы басқа мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында ЖРО-ның тиімділігі туралы да сөз етілді. Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен оқыту курстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде. Биыл буллингтің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты материалдар жариялау жоспарланған.

Еске сала кетейік, Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыс сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жанынан құрылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button