Денсаулық

«qMed» қандай платформа?

№8 қалалық емхана базасында Астана қаласы Цифрландыру және халыққа қызмет көрсету басқармасының Astana Hub-пен қолға алған «Astana Smart City Accelerator» бағдарламасының қатысушысы «qMed» платформасының тұсаукесері өтті.

Платформа науқастарды басқару бағдарламасы аясында созылмалы инфекциялық емес аурулары бар диспансерлік есепте тұрған науқастарға арналған.
Аталмыш платформа пациенттерге өзін-өзі басқаруға мүмкіндік береді. Олардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту үшін медициналық қызметкерлермен өзара байланысын жеңілдетеді екен.
«Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, қант диабетімен ауыратын науқастар үшін өз денсаулығын бақылауға үлкен көмекші. Жобаның мақсаты да сол, аурудың асқынуын азайту. Аурудың салдарын болдырмау және барынша асқынуына жол бермеу арқылы созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастардың денсаулығына қатысты шығынын азайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған» дейді №8 қалалық емхананың директордың емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Лариса Броска.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының бастамасымен дарынды жастарды қолдау мақсатында 2021 жылдан бері тағайындалып келеді. «qMed» мобильді платформасы жобасы өткен жылы «Ақпараттық технологиялар» саласындағы жобалар арасында лайық деп танылған. Жоба жетекшісі – Нұрлан Биімбет.

Оның айтуынша, платформаның мақсатты аудиториясы – медицина қызметкерлері және әртүрлі жастағы созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын науқастар.
«Бұл жоба №8 қалалық емханада тұсауын кесті. Бағдарлама тәулік бойы үйден шыға алмайтын науқастардың хал-жағдайын бақылауға арналған. Платформа арқылы пациенттер күнделікті жағдайын онлайн жүйеге енгізеді. Жүйе сары, қызыл, жасыл деңгей бойынша медбикеге жеткізіліп отырады. Егер қандай да бір өзгерістер болса, одан әрі эндокринолог, кардиолог секілді салалық мамандарға жолданады» дейді «qMed» жобасының жетекшісі Нұрлан Биімбет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button