Қоғам

«Астана» командасы көш басына шықты

«Астана» командасы «Атырауды» жеңіп, көш басына шықты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Елордалық «Астана» Қазақстан Премьер-лигасы командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған 17-турында «Атырауды» жеңіп, бірінші орынға көтерілді.

Елордалық клуб биыл ел біріншілігінде бас жүлдеге қол созуды алдына мақсат етіп отыр. Қазір әрбір кездесуде үш ұпай олжалап, жинақы ойнауға күш салып келеді. Соңғы тоғыз кездесудің небәрі біреуінде тең түсіп, қалғанында жеңіске жетті.

Бүгінгі матчта да сол сәттілік сериясын жалғастыруға тырысты. Дегенмен ойын барысында алғашқы голды атыраулық команда соғып кетті. Оны 25-минутта Игорь Стасевич өзінің еншісіне жазды. Бірінші кезеңде «Астананың» есепті теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Екінші таймда елордалық команда белсенділік танытты. Нәтижесінде олардың қатарынан Бранимир Калаициа 67-минутта мергендік танытса, Назми Грипши 85-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал 97-минутта атыраулық командадан Олжас Керімжанов таразы басын теңестірсе, 102-минутта Бранимир Калаициа 11 метрлік айып соққысын сәтті орындап, «Астананы» алға шығарды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Еншісінде 22 ойыннан кейін 43 ұпай бар. Екінші орындағы «Қайратта» 41 ұпай бар.

Бас жүлде тағдырын алдағы ойындар шешеді. Енді «Астана» өз алаңында 10 қарашада «Жетісуды» қабылдаса, 3 қарашада сырт алаңда «Тобылмен» ойнайды. Ал «Қайрат» 2 қарашада өз алаңында «Ордабасымен» шеберлік байқасса, 10 қарашада сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button