Дін тақырыбын түсіндірді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Астана қаласына іссапармен келді.
Аталған іссапардың мақсаты – жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Қалада жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігі Діндерді зерттеу орталығының теологы Арман Нұрахметұлы, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Түсіпхан Имамумади, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, магистр Данияр Еркінұлы, Астана қаласы әкімдігі Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Берікұлы қатысып, дәріс оқыды.
Түсіндіру тобының мүшелері Астана қаласы аумағында ЖОО мен колледж студенттері базасында болды. Олар жастар арасында «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Жастар және дін», т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмысын жүргізді.