Қоғам

Самбодан Әлем чемпионатында 28 спортшы ел намысын қорғайды

Самбодан Әлем чемпионатында 28 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Біржан Имахановтың айтуынша, Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар 24 қазанда елордада оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Олар күніне 2 рет үздіксіз жаттығу үстінде.

«Спортшыларымыздың дайындығы жаман емес. Бірнеше оқу-жаттығу жиыны өтті. Осы Әлем чемпионатында 28 спортшы ел намысын қорғайды. Олардың барлығы Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері, тәжірибелі спортшылар. Атап айтсақ, ерлер арасында әлем чемпионы Серіков Нұрбол, әйелдер арасында екі әлем чемпионы бар – Әбенова Арайлым мен Гүлдана Альмухамбетова. Жас буын спортшылары да халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсетіп, Әлем чемпионатында ел намысын қорғауға дайындалуда – Болат Сапар мен Есентай Имаханов және т.б.», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Самбодан Әлем чемпионаты Астана қаласында 8-10 қараша аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button