Қоғам
Астанада Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қоғамдық кеңес отырысында 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру, халық арасында медиа сауаттылық жүйесін дамыту, БАҚ үшін гранттар жүйесін енгізу және газеттерді субсидиялау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері отбасы құндылықтарын ілгерілетуге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру, халықтың және БАҚ саласы мамандарының медиа сауаттылығын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық контенттерді кеңінен жүргізу бағытында ұсыныстар енгізді.