Бас қалада бизнес үшін электр энергиясына тарифтер әлі де төмендетілуде
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның Астана қаласының тұтынушылары үшін электр энергиясын өткізу жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарықтың реттелетін субъектісі болып табылады. Реттеу тұтынушылардың әрбір санаты (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, бюджеттік ұйымдар) үшін шекті тарифтерді белгілеу және тарифтерді саралау арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне электр энергиясын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтердің бағасын ҚҚС-сыз кВтсағ үшін 25,98 теңгеге дейін төмендету туралы хабарлама берді. Атап айтқанда, заңды тұлғалар үшін тариф ҚҚС-сыз кВтсағ үшін 27,67 теңгені құрайды, бұл 12% – ға төмендеуге сәйкес келеді, ал бюджеттік ұйымдар үшін ҚҚС-сыз кВтсағ үшін 53,06 теңге, бұл 28% – ға төмендеуді құрайды. Төмендетілген тарифтер 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Тарифті төмендету үшін тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясының кепілдік беретін жеткізушісі — «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не ауысуы негіз болды. Бұл кепілдік беруші жеткізушінің көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына әсер етті, бұл өз кезегінде тарифтің төмендеуіне ықпал етті.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында елордада заңды тұлғалар үшін тариф 18% – ға төмендетілді, қазіргі уақытта тарифтің жалпы төмендеуі 30% – құрайды.
Осылай, 2024 жылғы 1 қарашадан бастап бизнес үшін тариф ҚҚС-сыз кВтсағ үшін 27,67 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін ҚР Энергетика министрлігі бекітетінін атап өткен жөн. ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен кепілдік беруші жеткізушілер болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында атаулы қолдау алушылардың тізімі бекітілді.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС атаулы қолдау алатын электр энергиясының кепілдік беруші жеткізушісі болып табылады, ол үшін бірыңғай жеткізушіден электр энергиясын сатып алуға жеке бағалар қолданылады.
Осылайша, жыл соңына дейін елордада жеке тұлғалар (халық) үшін электр энергиясына тарифтің өсуі күтілмейді.