Мысыр Қазақстанмен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүдделі
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Мұхаммед Айман Ашурмен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Кездесу барысында екі елдің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасу болды. Атап айтқанда, тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты халықаралық деңгейде қаржыландырылатын бірлескен білім беру жобаларын іске асыруды жандандыру және екі елдің университеттері арасында пәрменді ынтымақтастық тетігін құру арқылы кеңейтуге келісті.
Сұхбаттастар сондай-ақ Мысыр Араб Республикасының Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасында қол қойылған ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін растады.