Елорда тынысы

Елорда халқының саны 1,5 млн-нан асты

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Астана қаласының халық саны 1 502 102 адамға жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елордада 1 502 102 адам өмір сүріп жатыр, ал 1 қыркүйектегі деректерге сәйкес, елордада 1 490 740 адам болған. Осылайша, бір айда қала жұрты 12 мыңға жуық адамға артып отыр. Өсу қарқыны 5,03 пайызға жетті.

Өткен жылы 1 қазанда елордада 1 409 497 адам санаққа алынған. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 1 430 105 адамға дейін өсті.

Алматы қаласына келсек, биыл 1 қазанда халық саны 2 275 541 адамға жетті. Бір жыл бұрын бұл мегаполисте 2 211 198 адам өмір сүрген.

Ұлттық бюроның 1 қазандағы статистикасы бойынша Қазақстан халқының саны – 20 223 218 адам, өсу қарқыны 0,95 пайызға жетті. Оның ішінде 12 704 977 адам қалада тұрады және 7 518 241 адам ауылда мекендейді.

Еске сала кетсек, биыл мамырдағы статистика бойынша Қазақстанда халық саны 20 095 963 адамға жеткен еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button