UncategorizedҚұқық

Жастар арасындағы есірткі қылмысымен күресу мәселесі талқыланды

Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысушылар жасөспірімдердің денсаулығына төнген заманауи қауіп-қатер мәселелерін талқылады. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, ата-аналар мен мектеп психологтары қатысты, деп хабарлайды 

Дөңгелек үстелге қатысушыларға жасөспірімдерді есірткі қылмысына тартудан қалай аулақ болу керектігін полиция подполковнигі, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының аға жедел уәкілі Ұлжан Қабылдина айтып берді.

«Жыл сайын елордада 10 мыңнан астам профилактикалық іс-шара – акциялар, семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Бірақ бұл жұмыста басты назар орта мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне аударылады. Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша 1,5 мың іс-шара 15 мың белсенді азаматтың қатысуымен өткізіледі. Мақсаты – балаларды есірткіні қолданудың зиянды әсерлері туралы хабардар ету және олардың заңсыз мінез-құлықтан бас тартуын қалыптастыру. Өйткені, жастар өздерінің тәжірибесіздігіне байланысты есірткі сатушылардың негізгі нысанасына айналады. Сонымен қатар, басқа да іс-шаралар жалғасуда. Мысалы, қызметтік иттердің көмегімен жатақханалар мен сәлемдемелерді жеткізетін логистикалық компанияларды тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен есірткі жарнамасын анықтау, граффити бояу және басқа да іс-шаралар жалғасуда», – деді Ұлжан Қабылдина.

Оның айтуынша, жыл сайын есірткі қылмысы үшін ұсталған кәмелетке толмағандар саны артып келеді.

«Биыл ғана 39-дан астам кәмелетке толмаған адам ұсталды. Оның ішінде 13-і – оқушы, 22-сі – колледж студенті, 1-еуі – ЖОО студенті және үшеуі оқымайды. Айта кету керек, 9-сынып оқушылары да есірткі қоюмен айналысқан жағдайлар бар. Сондықтан біз оқушылармен және студенттерге түсіндіру жұмысын жүргіземіз, онда есірткі қылмыстарына қатысудың салдары туралы айтамыз. Жекелеген іс-шаралар негізінен ата-аналармен өткізіледі. Ата-аналар балаларымен жұмыс істеуі керек, не істеп жатқанын білуі тиіс және оларды бақылауда ұстауы қажет. Жастар өздерінің білместігінен олардың қатарына қосылып кетеді. Бұл үшін 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін түсіндіру қажет», — деп атап өтті ол.

Құқық қорғау органдарының өкілі ата-аналарға, психологтарға және мүдделі органдардың қызметкерлеріне балаларға көбірек уақыт бөлу керек екенін айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button