Жосықсыз мердігерлердің тізімі жарияланды
«ҚазАвтоЖол» жосықсыз мердігерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жасалған келісімшарттар бойынша негізгі міндеттемелерді орындауда заң бұзушылықтарға жол берген мердігерлердің тізімін жария етті.
Бұл мекемелер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуден өткізу барысында, сондай-ақ жолдарды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше жүзеге асырмаған.
Сонымен қатар, кейбір мердігерлер біліктілік талаптары және (немесе) тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат ұсынған.
Жосықсыз мердігерлердің тізіміне келесі мекемелер енгізілді:
1. «Каз Строй» КС» ЖШС;
2. «Бекет Сат Жол» ЖШС;
3. «Искер-Т» ЖШС;
4. «Инженерный центр «АСТАНА» ЖШС;
5. «Алматыдорпроект» ЖШС;
6. «QazConstructions» ЖШС;
7. Фирма «Автодорсервис» ЖШС;
8. «Базис-Z» ЖШС.
Бұл хабарлама тендер өткізу жұмыстарының ашықтығы мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Ұлттық компания мердігер мекемелердің келісімшарт бойынша талаптардың сақталуын күшейтіп, жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын талап етуде.