Елорда тынысы

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Мусин «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы аясында студенттермен жүздесті.

Басты мақсат – білімді жастардың дағдысын дамыту, мемлекеттік қызметтің ерекшелігі бойынша кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, оларды мемлекеттік қызметке тарту. Іс-шараға университет басшылығының атынан академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Байжұман Қашқынбай қатысты.

Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Мусин мемлекеттік қызметтің маңызын, жастарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктер жайлы және жастардың қоғамдағы рөлін айтып, өзінің мемлекеттік қызметті атқару кезінде орын алған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сондай-ақ спикер өз сөзінде мемлекеттік қызметте жастардың орны ерекше екенін айтып, болашақ мамандарға қажет кеңестерімен бөлісті.

– «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы – бітіруші түлектерге мансаптық жолын құрудағы алғашқы қадам. Жоба аясында студент өзінің құзыретін дамыта отыра, мемлекеттік қызметтің жай-күйі­мен танысады. Өз бағыты бойынша мемлекеттік органдарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Жоба соңында арнайы сертификатпен марапатталады. Биік мақсатқа ұмтылған, еңбекқор, креативті жас буын – қашанда елдің арқасүйер тірегі. Ең бастысы, біз жастарымыздың бойындағы тасыған күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттасақ деген ниет­теміз, – деді М.Мусин.

Сонымен қатар кездесу барысында түлектерге мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі, конкурссыз тағайындау туралы ақпарат беріліп, қызықтырған сұрақтарына тиісті ­жауап берілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бастамасымен елордада мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу және қалыптастыру мақсатында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы іске асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарының түлектерін, жас таланттарды мемлекеттік қызметке тарту, оларға мемлекеттік қызметтің тартымдылығын көрсету және жастарға мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді таныстыру. Аталмыш жобаның негізгі кезеңдері өтініш беру, белгіленген тақырыпта эссе жазу, мемлекеттік органдарда тәжірибеден өту, ҚР Президенті жанындағы басқару академиясында оқыту және мемлекеттік қызметшілерден дәріс алуға бағытталады.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button