Мәдениет

Ел мен ер тарихын түгендеді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жас ақын, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлының «Ер мен ел» атты ­тарихи-танымдық кітабының таныстырылымы өтті.

Әдебиеттанушы ғалым, филология ғы­лымдарының докторы, профессор Серік Негимов алғысөзін жазған бұл кітапта Маңғыстаудан шыққан тұғырлы тұлғалар мен ел тарихы қамтылған.

«Аспан астындағы мұражай атанған, 360 әулиенің Құранды күңіренте оқыған, тастары тарих боп сөйлеген, таулары шежіремен тербеліп, баулары шыңырау суымен әлденген, азаматтары арда емген, маң даланың сарыны болып төгілген күйлері ақжарма болып Атырау теңізінің толқынын тербеген Маңғыстау руханияттың Меккесіндей болып, ғасырларды жетелеп келе жатыр. Әріде Абыл мен Қашаған бастаған, беріде кемеңгер Кекілбаев қостаған өлкеден талай талант шықты, шыға береді. Соның бірі – «Ер мен ел» кітабының тұсауын кесіп жатқан Кенжебек Сержанұлы. Ол қазір руханият сапарының алғашқы адымын ел мен жердің ерен перзенттерін ұлықтаудан бастады. Тәлімді жол, тағылымды сапар. Жарты жолда жүгі аумай, өзі діттеген жерге жаңылмай жетуіне тілектеспін» деді белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлы.

Таныстырылымда басқа да қаламгерлер мен елге белгілі азаматтар авторға ақжарма тілегін айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button