Қоғам

Әуежайда рейстер кешігуде

Астанада қалың қар жауып тұр, соған сәйкес әуе рейстері кешігуде, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бірақ, әуежай өкілдері ұшу-қону жұмыстарына ауа райы ешқандай қолайсыздық тудырып отырмағанын айтады.

Халықаралық әуежайдың онлайн-таблосындағы ақпараттарға сәйкес, ұшатын да, қонатын да ұшақтардың кестесінде өзгерістер бар. Мәселен, Қостанай (KC 7342, FlyArystan), Алматы (KC 853, Air Astana), Атырау (DV 766, Scat) қалаларынан келетін рейстер кешігуде.

Ұшатын үш ұшақтың да уақыты кейінге ысырылған. Олар – Шымкент (DV 716, DV 776 Scat) және Алматы (KC 854, Air Astana) қалаларына баруы тиіс болған.

Астана қаласы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі бұл рейстердің кешігуі ауа райына байланысты емес деп отыр.

“Аталған рейстер кейін қайтатын ұшақтардың кешігіп ұшып келумен байланысты кешігіп жатыр. Жолаушылардан әуежайға ұшудан 2-3 сағат келіп тұруын сұраймыз”, – делінген хабарламада.

 

Сурет: astanafans.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button