Қоғам

Студенттерге жеке қауіпсіздік сағаты өткізілді

Бас прократураның тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының Білім басқарамасы, қалалық Прокуратура мен Полиция департаменті, мәдениет және спорт  саласы өкілдерінің қатысуымен қалалық мемлекеттік колледж студенттерге арналған жеке қауіпсіздік сағаты өтті.

Бұл іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық орындарына бару, ұрлық, бопсалау, нашақорлық, ішімдік қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері айтылды.

Бас прократураның тапсырмасына сәйкес  4-11 қараша аралығында  он алты мобильдік топ қызметкерлері қаладағы бес аудан бойынша 115 мемлекеттік мекемелерде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, жасөспірімдерге дәріс оқыды.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button