Uncategorized

Бір түнде 2,3 мыңға жуық жүк көлігімен қар шығарылды

Елордада бірнеше күннен бері тоқтаусыз қар жауды. Қыс мезгілінің басынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Күн сайын 2,5 мыңға жуық жол жұмысшы қар тазалауға шығады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

14 қараша күні күндізгі ауысымда Астана көшелерін қар мен мұздан 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,4 мың бірлік арнайы техника тазартады.

14 қарашаға қараған түні елордадан 30 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 2,3 мың ауыр жүк көлігін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 17 095 рейспен 210 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Сол сияқты орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар жолдарын тазалауға басымдық беріледі.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, сол сияқты мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 14 қарашада Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауып, жел соғады – жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін болады деп күтілуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефон нөміріне хабарласыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button