Uncategorized
Болашақ заңгерлер Конституциялық Соттың қызметімен танысты
Болашақ заңгерлер Конституциялық Соттың қызметімен танысты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Maqsut Narikbayev University-де заң факультетінің студенттеріне Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді бастапқы қарау бөлімінің басшысы Салтанат Нұрымбетова дәріс оқыды.
Ол студенттерге Конституциялық Сот қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасында конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жағдайы, азаматтардың өтініштері бойынша заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша қабылданған қорытынды шешімдер және заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар туралы айтып берді.