Uncategorized

Еуразиялық құрылтайға 1000-ға жуық адам қатысуда

Астанадағы әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша Еуразиялық құрылтайға 1000-ға жуық адам қатысуда, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Елордада 14-15 қараша аралығында «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инновациялар» тақырыбында ауқымды Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтіп жатыр.

Форумның мақсаты – тәжірибе алмасу, стратегиялық серіктестіктер орнату және ESG және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы табысты кейстерді таныстыру үшін көшбасшылар мен сарапшыларды біріктіру.

Оған 1000-ға жуық адам, оның ішінде бизнес өкілдері, блогерлер және әлеуметтік экономиканы дамытуға мүдделі белсенділер қатысады. Сондай-ақ, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Үндістан және басқа елдерден халықаралық спикерлер қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, құрылтайға қатысу – бұл жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін пікірлес адамдарды табу мүмкіндігі.

«Біздің басты міндетіміз – қоғамдағы әлеуметтік түйткілді тақырыптардың маңыздылығын көрсету үшін әлеуметтік өзгерістер көшбасшыларын, әлеуметтік жауапты бизнес, үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдар өкілдерін біріктіру. Бірінші кезекте әлеуметтік кәсіпкерлер әлеуметтік бағыттағы өзекті мәселелерді шешуде», – деп бөлісті әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының төрағасы Эмин Аскеров.

Іс-шара барысында қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі, «Үздік әлеуметтік кәсіпкер-2024» номинациясы бойынша марапаттау және меморандумдарға қол қою күтілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button