Заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтады
Елордада полицейлер заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Астана қаласы Полиция департаменті елорда көшелеріндегі және қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.
ЖПШ қорытындысы бойынша астаналық гарнизон қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 132 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қабылдаушы тұлға құжаттарды дайындау бойынша шараларды қабылдамағаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу құқығы үшін Қазақстан Республикасының 26 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын жұмысқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 3 азамат жауапкершілікке тартылды. Елден 35 шетел азаматы шығарылды. Бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылып, алайда сот үкімін орындамай елге қайта келген Тәжікстан Республикасының төрт азаматы анықталды. Аталған шетел азаматтары әуежайға жеткізіліп, полиция қызметкерлерінің бақылауымен еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.
Тәртіп сақшылары елге заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпарат болса, дереу жақын жердегі ішкі істер бөліміне немесе “102” нөміріне хабарласуды сұрайды.