Uncategorized

Қытайдың жеңіл рельсті пойыздарына тапсырыс беріліп жатыр

Қытайдан Астана LRT желісімен қатынайтын жеңіл рельсті пойыздарды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы елорда әкімдігінің Kazinform тілшісіне берген ресми жауабында айтылған.

Әкімдіктің баспасөз қызметі бүгінгі күнде Астана LRT-нің құрылысы қай кезеңге келгені жайлы мәлімет берген:

«Эстакадалық бөліктің құрылысы, станцияларда темірбетон жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Есіл өзені арқылы көпір салынды. Орындалған бетон құю жұмыстарының жалпы көлемі – шамамен 450 мың шаршы метр. Сонымен қатар, бұрғылау-тығыздау қадаларын, тіректерді орнату, құрама арқалықтарды монтаждау және монолитті арқалықтарды құю бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды».

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган Астана LRT желісімен қатынайтын жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Шарт талаптарына сәйкес 19 жылжымалы құрам сатып алынады. Жылжымалы құрамдарды өндіруші ел — ҚХР. Бүгінгі таңда жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген жауапта.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада LRT депосының құрылысы басталғаны туралы жазған едік. Депо халықаралық әуежай маңайында орналасады және LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету мен басқару орталығына айналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button