«Aqyl Life»: алғашқы кездесу өтті
Елорда әкімдігінің «Астана жастары» ресурстық орталығы және қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастыруымен «Aqyl Life» жобасы аясында алғашқы кездесу өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Аталған жоба студенттердің интеллектің дамытуға, мәдени алмасуға және жастарды шабыттандыруға арналған алаң құруға бағытталған.Бұл іс-шаралар студенттерге шабыт беретін оқиғалармен танысуға және табысты әрі саналы өмір салтын ұстанған адамдардан құнды кеңестер алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі кездесуге әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров пен күш сынасу экстримі бойынша әлемдік рекордсмен Сергей Цырульников қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып берді.
«Бизнесте даму үшін жылына 50 кітап оқу керек. Соның арқасында адам өз саласында да жеке өмірде де әрдайым ақпараттық даму процесінде жүреді», – деді Эмин Әскеров.
Ал Сергей Цырульников кез келген хоббиді монетизациялау арқасында бизнес бастауға болатынын айтты.
Есірткі қылмысына және лудоманияға қарсы бағытталған жоба аясында кітап кездесулері, пікірсайыс турнирлері және интеллектуалдық ойындар өткізу жоспарға алынып отыр. Бұл іс-шаралар жастардың аналитикалық ойлауын, шешендік қабілетін және командалық рухын дамытуға ықпал етеді.
«Жобаның басты мақсаты – жастарға зиянды әдеттерден алыс болудың және зияткерлік тұрғыдан дамудың маңыздылығын көрсету», – деді жоба ұйымдастырушылары.