Uncategorized

Мемлекеттік қызмет жайы түсіндірілді

Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыруға үміткер қазақстандықтар аттестаттауға өтінім бере алады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бұл рәсім туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдос Шамбылов айтып берді.

Аттестаттауға өтінім беру енді толығымен цифрлық форматта eGov.kz  порталы арқылы жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті кез келген ыңғайлы уақытта бере алады, сондай-ақ өзінің жеке кабинетінде өтініштің күйін бақылай алады.

«Белгілі бір тәртіпке сәйкес, әлеуетті қатысушы аттестацияға жіберілу үшін портал арқылы электронды түрде өтініш беруі, сондай-ақ тиісті құжаттаманы ұсынуы қажет. Сертификаттау процесі ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, бірқатар кезеңді қамтиды. Құжаттарды тіркегеннен кейін Әділет департаменті жан-жақты тексеру жүргізіп, қабылданған өтініш туралы қатысушыға хабарлайды», – дейді спикер.

Егер өтініш беруші аттестаттауға жіберілсе, онда ол өту күні, орны және уақыты туралы хабарлама алады, ол абоненттік нөмірге не әділет департаментінің порталындағы жеке кабинеті арқылы жіберіледі.

Аттестаттау тестілеу операторының техникалық жабдықталған залдарында барлық белгіленген норма мен талапты сақтай отырып жүргізілетін болады.

«Аттестаттау рәсімі заңнаманың теориялық білімін тексеруді де, практикалық тапсырмаларды да қамтиды. Бұл үміткерлердің нақты кәсіби қызметке дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы техникалық шешімдер нәтижелердің объективтілігіне күмән келтірмейді», – деп атап өтті Айдос Шамбылов.

2024 жылы 640 қызметті алушы үшін аттестаттау өткізілді, оның 408-і – адвокаттық қызмет аясында, 232-сі нотариаттық қызмет аясында өткізілді. Спикер аттестаттаудың барлық кезеңінің ашықтығы және барлық кандидат үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету қоғамның құқық институттарына деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button