Қоғам

Абай мұрасын зерделеді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты және қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай поэзиясы және ұлттық поэтологиялық кеңістік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

[smartslider3 slider=3721]

Конференцияның басты мақсаты – Абайдың мұрасын зерттеу жұмысымен айналысатын абайтану орталықтары мен институттарының басын қосып, ақын мұрасына қатысты тың зерттеу жұмысын жасау, абайтанушы ғалымдардың соны еңбектерімен танысу. Абай мұрасын жаңаша пайыммен тануға бағдар беріп, ұлы ақын шығармашылығының еліміздің рухани даму тетіктерінің біріне айналып, абайтану саласында жаңа ізденістер жасауға жас ғалымдарды баулу.

Конференция модераторы «Абай академиясы» ҒЗИ директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Әубәкір шараға қатысушы қонақтарға алғысын білдіріп, академия қызметкерлерін және конференцияға қатысушы ғалымдарды, еліміздің Абайтану орталықтарының басшыларын Абай күнімен құттықтады.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, академик Дихан Қамзабекұлы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, Абай атындағы Қаз ҰПУ «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жабал Шойынбет, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангерей, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Айжан Картаева және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Абай академиясы» институтының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Әділбек Әміренов абайтанудағы өзекті мәселелерді сөз етті.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимов «Абайдың көркемдік философиясы», М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әлемдік әдебиет және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор С.Ананьева «Художественный перевод как искусство: Абай на языках народов мира», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Аймұхамбет «Абай өлеңдеріндегі метафоралар тезаурусы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры м.а., филология ғылымдарың докторы О.Жұбай «Абай тұжырымдарының Алаш зия­лыларының тілтанымдық зерттеулеріне ықпалы», филология ғылымдарының кандидаты, Астана халық­аралық университетінің доценті А.Сейсекенова «Абайдың көркемдік танымындағы жанның тілегі», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты. Қ.Сарекенова «Абай шығармаларындағы «жүрек» сөзінің тезаурусы», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ж.Кәріпбаев «Абай мұрасының басқа тілдерге аударылуының тарихи ракурсы», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедра­сының аға оқытушысы, PhD А.Мырзахмет «Абай өлеңдеріндегі архетип бейнелер және көркем шығармашылықтағы «түпсана» тақырыптарында баяндама жасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button