Әлеумет

«Абай оқулары» – балабақшада

Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты, ал даналығы қа­зір­гі заманмен үндес. Абай шығар­машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Бала Абай» эксперименттік алаң жоспарына сәйкес Абайдың 180 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігі № 86 «Зияткер» балабақшасында «Абай оқулары» байқауы өтті, оған ата-аналар, педагогтар, балалар қатысты.   Байқаудың мақсаты – Абайдың көркем әдебиеті мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық бірлікті нығайту және патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен өнерге деген қоғамдық қызығушылықты арттыру, сондай-ақ балалар арасында сөйлеу мәдениетін дамыту болды.

Байқаудың ашылу салтанатында : «Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы­ — мәңгілік мұра. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар және Абай өлеңін жан­ тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін сайысқа қатысушылар! Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың жырлары  мен қарасөздері оқылады, балалар ақын өмірі мен  шығармашылығына арнаған шығармашылық өлеңдері мен таныстырылымдарын ортаға салатын болады» – деді инновация әдіскері К.Г.Абилдаева.

Сонымен қатар ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да кең ауқымды мұра қалдырды. Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі — олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығынан да, халық санасынан өшпес орын алды. Абай әндерінің өзгешелігі — мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Осындай мәңгі жасыл нәрлі мұраның асылын қанып ішіп, өміріне қажетті дүниелерді бойына жия білген әрбір жас ұрпақ – нұрлы да шуақты болашақтың иесі боларына кәміл сенемін- деп балабақшаішілік «Әжелер мектебі» төрайымы Жақсылық Әбдіғалиқызы. Байқауға Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балалалар кітапханасы» қызметкері М.Смаилова, балабақшаның қазақ тілі педагогі Ә.Бекенқызы мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кітаптар мен боямақтар берді. Жалпы байқауға 34 бала, 3 ата-ана, 4 педагог қатысты. Байқау қорытындысында балабақша меңгерушісі: «Біздің міндетіміз-дарынды балаларды қолдау, ата-аналардың әдебиет туындыларын оқуға деген ынтасын арттыру, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, өлеңді мәнерлеп жатқа айту арқылы есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту, сахнада жүру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылған. Біз осы міндетті орындадық деп есептеймін.» -деді М.Ихласовна.

Абилдаева Куралай Ганиевна

№ 86 «Зияткер» балабақшасы, инновация әдіскері

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button