Мәдениет

Абай шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Еліміз бойынша Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Республикалық деңгейде шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді.

Облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа…» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді.

Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер мен Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button