Мәдениет
«Абай-Тоғжанмен» ашылады
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры гастрольдік сапармен Баянауылға барады. Бұл сапар қазақ әдебиетінің классигі, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдығына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына, қазақ археологиясының негізін қалаушы Әлкей Марғұланның 120 жылдығына, қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналады.
«Астанадан Баянауылға сәлем!» бағдарламасымен астаналық өнер ұжымы 2-3 қыркүйек күндері Ертіс-Баян өңірінің көрермендеріне «Гауһартас» музыкалық драмасы мен «Шәмші» мюзиклін ұсынады.
Театрдың жаңа V маусымы 5 қыркүйек күні М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен (инсценировкасын жасаған – М.Әбіл, қоюшы режиссері – А.Маемиров) ашылады.