Қоғам
Ұлы Абайдың портреті Астанадағы алып шолу дөңгелегінде көрсетілді

Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Астанадағы шолу дөңгелегінде оның портреті жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
LED жарықтандырудың көмегімен жасалған портреттің диагоналі 65 метрді құрайды және 53 мың пиксельден тұрады. Бұл ауқымды инсталляция қаланың әртүрлі орындарынан – Сарыарқа мен Тұран даңғылдарынан, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы жағынан жақсы көрінеді.
Алдағы уақытта дөңгелекке ақынның қанатты сөздерін жариялау арқылы инсталляцияны толықтыру жоспарланып отыр.