Қоғам
«Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді
30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында республика бойынша «Абайлаңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Іс-шара барысында мектептер маңындағы жолдар мен аумақтарды зерттеу және профилактикалық сабақтар мен дәрістер өткізу жоспарланған.
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі көп жағдайда ата-аналарға байланысты, өйткені олар ересектердің мінез-құлқын қайталайды. Балаларға велосипедші, жаяу жүргінші немесе самокатшы ретінде жолдағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз. Өзіңіз де жол ережелерін сақтаңыз және балаларға қамқор болыңыз!», – деп ескертті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ата-аналарға.
ҚР ІІМ мәліметінше, еліміздегі әрбір төртінші жол апаты балалардың қатысуымен орын алуда. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 2 700 жол апаты тіркелген, онда 126 бала қаза тауып, 3 мыңнан астам жеткіншек жарақат алды.