ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Абайлаңыз көктайғақ!

«Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады» деп хабарлайды Қазгидромет.

12-14 қазан күндері еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Сондай-ақ респуб­лика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Ауа райының құбылмалы болуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елордалық авто жүргізушілерді, сонымен қатар жаяу жүргіншілерді де жолда мұқият болуға шақырады. Жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлауға, қозғалыс кезінде жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтауға кеңес береді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button