Ресми бет

«Абаймен» қайта қауышты

Өткен аптаның соңында «Астана Опера» Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған мерекелік шаралар шымылдығын ашты. Заңғар жазушы либреттосын жазған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» ұлттық операсымен көпшілік қайта қауышты.

[smartslider3 slider=3110]

Өшпес туынды «Абай» операсына либретто жазған жазушы әрі драматург қазақтың философ ақынының есімін классикалық музыкада да мәңгі есте қалдыр­ды. Операның премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен болатын.

Астана Операда «Абай» спектаклі Тәуелсіз Қазақстан тарихына заманауи көзқараспен үндестікте ұсынылды. Ол алғаш рет 2015 жылы 25 қыркүйекте орындалды. Содан бері шығарма сан мәрте елімізден тыс жерлерде де, оның ішінде опера отаны – Италияда Абайдың ана тілінде шырқалды.

Спектакльді жасауда интернационалдық шығармашылық топ еңбектенді: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер Джанкарло дель Монако, режиссердің кеңесшісі, Қазақстанның Халық әртісі Есмұқан Обаев, бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Декорациялар мен кос­тюмдер дайындауға қазіргі заманның үздік суретшілері шақырылды: Э.Фриджерио, Ф.Скуарчапино, С.Металли, В.Кели. Кәсіби топтың жақсы жұмысының нәтижесінде театр осы қойылым үшін ең жоғары марапат – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Астана Опера» сахнасына театрдың жетекші солистері шығады. Абай партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев пен Азамат Жылтыркөзов орындаса, Айдардың бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш таныстырады, Ажар – Назым Сағынтай (партиядағы дебют) мен «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапонова, Әзім – Рамзат Балакишиев пен Бейімбет Таңарықов, Жиренше – Талғат Ғалеев, Қарлығаш – Салтанат Мұратбекова мен Татьяна Вицинская, Көкбай – Ержан Саипов, Сырттан – Болат Есімханов пен Шыңғыс Расылхан, Нарымбет – Ерұлан Кәмел, Мес – Хайдар Мұстапин мен Нұрлыбек Қосбармақов. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың және дирижер, халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өнер көрсетті.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button