Жаңалықтар

Абаттандыру ережелерін бұзған 12 елордалық базарға 805 980 теңге көлемінде айыппұл салынды

Алаш тасжолының бойындағы базарлардың аумағын тексеру барысында бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Жалпы, елордалық базарлар маңайында бейсауат шашылып жатқан қоқысты жиі көреміз.

225519234_95337_16029176113132024850

Айталық, Алаш тасжолы 29/2 мекен жайында  орналасқан «Әсем» базарының жанынан заңсыз қоқыс орындары анықталған. Тағам қалдықтарын заңмен белгіленген тәртіпте жабдықталған полигонға шығарудың орнына кәсіпкерлер оны базар маңына төгіп отырған. Қоқыс тастап, оны өртеген кәсіпкерге, ҚР ӘҚБК 505-бабының 2-бөліміне сәйкес 84 840 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Алаш» базары мен «Жайлау» ЖШС мал сою пунктінің аумағына қоқыс тастаған К. деген кәсіпкер де ҚР ӘҚБК 505-бабының 2-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 84 840 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда  тіркелген заң бұзушылықтар мен қоқыс орындары жойылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметімен абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 12 базарға 805 980 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button