Абаттандыру ережелерін бұзғандар жазаланды
Сарыарқа ауданында абаттандыру ережелерін бұзғандар жазаланды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
«Таза Қазақстан. Астана -тазалық пен тәртіптің үлгісі акциясы аясында 2 желтоқсан күні заңсыз қоқыс төккені үшін КАМАЗ жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жыл басынан бері аудан аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жасағаны үшін 3843 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден асты.
Еске салайық, абаттандыру ережелерін бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтары заңсыз қалдық төгу, құрылыс немесе басқа да қоқыстарды рұқсат етілмеген жерлерге тастау жағдайларын анықтаған жағдайда «102» арнасына хабарлауға болады.
Айта кетейік, елордада стихиялық рұқсат етілмеген полигондармен жүйелі күрес жалғасуда. 2024 жылдың басынан бері елорда аудандарынан 300-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Олардан полигондарға 172 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.