Басты ақпаратҚала тіршілігі

АБАТТАНҒАН АСТАНА

Астанада 21 сәуiрде өткен жалпықалалық сенбiлiкке 80 мыңнан астам адам қатысты. Қала тазалығына ден қойған халайық абаттандыру iсiне де зор үлес қосты. Сенбiлiкке қатысушылар 2600 түп ағаш-бұтаны дәстүрлi әдiспен отырғызды. Оның үстiне топырағымен қоса отырғызу технологиясын пайдалана отырып 2350 ағаш жерсiндiрiлдi.
«Астана – жарық қала» ЖШС-i аудандағы көшелердегi жарықтан¬дыруды қалыпқа келтiрiп, қадаға¬лауды күшейттi. «Елорда – Жарнама» ЖШС-i жарнамалық тұғырлардың тазалығы мен безендiрiлуiн бақы¬лауды нығайтып жатыр. «Астана – Теплотранзит» АҚ жылу құбыр¬ларын, «АстанаГазҚызмет» ЖШС-i газ құбырларын тазалау, сырлау, жөндеу жұмыстарын атқарды. «Астана көгалдандыру» АҚ бүкiл қала бойынша саябақтарды, скверлердi, көгалдар мен гүлдестелердi тазалап, оларды ретке келтiру жұмыстарын жасады. Сенбiлiкке шыққандардың бәрiне қажеттi құрал-саймандар таратылды. Қала әкiмiнiң 10 сәуiр мен 10 мамыр аралығын экологиялық айлық етiп бекiткен бұйрығына сәйкес тазалық жұмыстары бұдан кейiн де жалғасын табады.

Сарыарқа ауданы 

Сарыарқа ауданына қарасты бiрқатар мекемелер Алаш тас жо¬лының екi қапталын тазалады. Сондай-ақ, Н.Тiлендиев көшесiнiң бойына ағаш ектi. Аудан аумағын тазалауға 30 мыңнан аса халық жиналды. Олардың арасында 135 ПИК, 7 ЖОО, 19 кәсiптiк оқу орын¬дары, 21 денсаулық сақтау мекемелерi, 31 мектепке дейiнгi ұйымдар, 32 орта мектеп, 10 министрлiк пен ведомство¬лар, ұлттық компаниялар, 22 қалалық басқармалар, 25 құрылыс компа¬ниялары, 1,8 мың шағын және орта бизнес өкiлдерi бар, оған қоса жер¬гiлiктi тұрғындар легi де аз болмады. Аудан әкiмi Ермек Оспанов өзi бастап, аудандық ардагерлер ұйымы қостап, осы аудандағы «Жас Отанның» өрен¬дерi бар, «Қазақстандағы Әзiрбайжан мәдени орталықтарының одағы» ҚЗЛ-сы, «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ-i, «Мирас» РҚ-ы, «Сарыарқа аудандық мүгедектер қоғамы» ҚБ-i, «ЖҚТБ алдын алу мен күресу орталығы» МҚ-ы және «Ас-тана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерiнiң ұжымдары сенбiлiкке белсене атсалысты. Көше бойында орналасқан дүкендер, мекемелердiң есiк-терезелерi айнадай болып жуы¬лып, айналасы қоқыстан тазартылды. Сарыбұлақ өзенiнiң бойындағы аумаққа да арнайы көңiл бөлiндi. Аудан бойынша 60 техника бiрлiгi күнi бойы тоқтаусыз жүрiп тұрды. 45 жүк көлiгi қоқыс тасыса, 15 арнаулы қоқысты салып берiп отыратын жүк тиегiш үздiксiз жұмыс iстедi.

Есiл ауданы

Есiл ауданы бойынша сенбiлiкке жалпы саны 400 мекеме қатысты. 47 ПИК, 3 ЖОО-ы, 1 кәсiптiк орта мек¬теп, 11 денсаулық сақтау меке¬мелерi, 9 мектепке дейiнгi ұйымдар, 7 орта мектеп, 36 мемлекеттiк орган меке¬ме¬лерi, оның iшiнде 6 агенттiк, 4 комитет, 12 министрлiк, 5 акционерлiк қоғам, 2 ұлттық компания, оларға қоса 21 құрылыс компаниялары, 250 шағын және орта кәсiпкерлiк өкiлдерi әрi осы ауданның тұрғындары да сенбiлiкке белсендi түрде қатысты.
Еңбек мерекесiне Есiл ауданынан қатысқан адамдар саны 16 мыңнан асып жығылды. 146 мамандандырылған техника қолданылды. Олардың 108-i қоқыс тасыды. 38 көлiк тиеп берiп тұрды. 11 автобус халықты белгiлен¬ген аумаққа жеткiзiп отырды. 28600 – жұмыс қолғабы, 29600 қоқыс салатын қап, 2150 тырма, 5300 күрек, 1000 сы¬пыртқы, 1 тонна әктас пайдаланылды.

Алматы ауданы

Алматы ауданы 31 сектордан құрылған 8 кварталға бөлiнген. Әрбiр квартал аумағына арнайы мекемелер тiзбегi тiркелген. Солар ұқыпты түрде тазалап, өз бөлiнiс жерлерiне есеп бердi. Жалпы сан көрсеткiштерi емес, сенбiлiк өткiзу кезiндегi сапа көрсет¬кiштерiне көңiл көбiрек бөлiндi. Сол себептi ауданның Салық комитетiнiң, МСЭҚ Департаментiнiң, IIБ Табиғат¬ты қорғау бөлiмiнiң және аппарат қызметкерлерi ауданға қарасты ұйым¬дарға, кәсiпорындарға, орта және шағын бизнес нысандарына, ПИК-терге, жеке меншiк үй иелерiне хабарландыру таратып, мектеп оқу-шыларымен қала тазалығын сақтау бойынша ақпараттандыру жұмысы тиiстi деңгейде жүргiзiлдi. Аудан бойынша 45 мың адам, 2800 кәсiпорын, 162 жүк көтергiш және 63 жүк тиегiш мамандандырылған техника қатысты. Аудан ауқымында Мұңайтпасов көшесiнде 300 түп, Момышұлы даңғылы бойынша 171 түп, №14 көшеде 44 түп ағаш, Қарағанды тас жолының бойында 1600 түп және ПИК-тер аймағында 1544 түп ағаш, денсаулық сақтау және орта бiлiм беру ошақтары айналасына 556 түп ағаш отырғызылды. Ағаш егу жұ¬мыстарына ҚР IIМ, қалалық мәс¬лихат, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Еуразия гуманитарлық институтының студенттерi жұмылдырылды. Өзге кәсiпорындар тазалық жұмыстары сирек өткiзiлетiн иесiз аймақтарда арам шөптердi отап, қоқыс жинап, жергiлiктi маңызы бар жолдарға қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргiздi.

Шынар ӘБIЛДА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button