Sport

АБДРАХМАНОВ АРЫНДАП ТҰР

DSC_3756

Астанада АИБА-ның АРВ нұсқасы бойынша екінші айналымның жекпе-жектері өтті.

Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Берік Абдрахманов (60 кг) филиппиндік Чарли Суареспен қолғап түйістірді. Жекпе-жекті өте салқынқандылықпен өткізген жерлесімізге төрешілер жеңісті бірауыздан берді. Бұл – Беріктің жаңа нұсқадағы екінші жеңісі. Сондай-ақ, Италияның Бергамо қаласында неміс боксшысымен жекпе-жекке түскен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Антон Пинчук те кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Осы жарыстың  бірінші айналымында жеңіске жеткен Ілияс Сүлейменов өз жекпе-жектерін Ресейде өткізуде. Ол кезекті айқасына 28 қараша күні Новосибирск қаласында шығады. Қарсыласы 2013 жылғы әлем чемпионатының финалисі алжирлік Мохаммед Флисси болмақ. Біржан Жақып пен Әділбек Ниязымбетов те жақын арада кезекті жекпе-жектеріне шығатын болады.

АРВ нұсқасы бойынша өтіп жатқан жарыс 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Әр салмақта әлемдегі үздік 8 боксшы қатысуда. Әр боксшы бір-бірімен кездесетін болады. Әр салмақтың жеңімпазына 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін  олимпиада ойындарына жолдама берілетін болады.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button