Жаңалықтар

«Абу-Даби Плаза»: жаңа жұмыс орындары ашылады

Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары мен «АЛДАР ЕвроАзия» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол бойынша Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау қарастырылған.

«Абу-Даби Плаза» – іргелі жобалардың бірі. Жалпы, жаңа нысандарды іске қосу, сондай-
ақ қолданыстағы кә­сіп­орындардың дамуы нәтижесінде жыл сайын елордада 19-20 мың тұрақты жұмыс орны құрылуда. Бүгінде қалада экономикалық белсенді халық саны 531,3 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылған халық саны – 507,2 мың адам. Астананың индус­триалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында, «Абу Даби Плаза» нысандарында жаңа жұ­мыс орындарын құру елордамыздың еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button