Жаңалықтар

«Әбжылан әдіс» туралы естулеріңіз бар ма?

Қоғам ізгіленіп, мұқтаж жандарға, мүмкіндігі шектеулілерге түрлі әлуеметтік көмек көрсетіліп, олардың оқшау өмірлері түрленіп, қоғамда оң пікір де қалыптасып келеді. 

korolevskaya-kobra-2

Ізгі қоғамды дәріптей отырып, қамқорлыққа шын мұқтаж жандарды да, олардың қоғамға қатынасын да тәрбиелей білуіміз керек. Оларға бір күндік жейтін «балықтан» гөрі оны аулап алатын, өміріне азық болатын «қармақтың» тиімді екенін түсіндіру қажет-ақ. Яғни, «ма­сыл­дық» деп аталатын, қо­ғам дамуына кері ықпалы бар әдеттерден жирендіре білгеніміз жөн. Әйтпесе, жақсы ниеттің кері әсері болуы әбден мүмкін.
«Әбжылан әдіс» туралы естулеріңіз бар ма? Бір кездері колониялы Британия отарына алған үнді жеріндегі әбжыланнан біржола құтылмақ ниетпен әрбір өлген жыланның басына құн төлепті. «Құныққаннан дәніккен жаман» деген. Оңай ақша тапқысы келгендер әбжы­ланның тұқымын көбейтіп, еселеп өсіруге күш салыпты. Ақырында құрдымға кетуі тиіс жәндіктің саны бұрынғысынан да бірнеше есеге ұлғайып, жерді жылан жайлаған кез болыпты. Содан бері, «эффект кобры» деген сөз бір нәрсенің шешіміне талпынған жұмыстың кері әсері болып, жағдайды одан сайын ушықтырғандарға арналып айтылады екен. Мұның жаңғырығы кейде байқалып қалады. Бұл әрине, мәдениет пен парасат, қанағат болмаған жерде ашкөздік пайда болатыны белгілі.
Айналаңызға көз салыңызшы, егер әлдекім ағат ісімен де сөзімен де орынсыз қылығымен көпшіліктің назарын аударса, оны ой сарабынан өткізіңіз. Мүмкін жоғарыда айтқан жайттардың бір шеті көрініп тұрған болар.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button