Ел тынысы

«Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс»

Бүгін Астана қаласы Әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған іс-шара Ұлттық Құрылтайдың ІІІ отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына қоғам қайраткерлері, Мәслихат депутаттары, Астана қаласының құрметті ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, еңбегімен ерекшеленген білікті мамандар қатысты.

Жиналғандар Құрылтай тұжырымдамасына сәйкес «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбын талқылап,  адал еңбектің жетістікке әкелетіндігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Кеш қонағы ретінде шақырылған батыр-полицей Арман Сәрсембаев «Ерлігі үшін» медалімен қандай ерлік істері үшін марапатталғаны және адал еңбек жетістіктерге жетелеп, абыройға бөлейтінін айтты.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына қатысқан жас маман, «My Mind» медициналық технологиялар саласындағы стартап әзірлеушісі Ю. Тумгоев  жастардың ғылымға сіңірген еңбегі мен аға буын өкілдерінің өнегелі істері арқылы жас мамандарды еңбекке баулу туралы ойын білдірді.

Ұлттық Құрылтай мүшесі Зұлфухар Ғайыпов мен Мәслихат депутаты Қанат Естек дөңгелек үстел жұмысының маңыздылығына ерекше тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«Адал азамат – Адал Еңбек – Адал табыс» атты дөңгелек үстелде блиц-сауалнама мен Орталықтың қызметі туралы бейне материал көрсетілді.

Кеш соңында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев дөңгелек үстел қатысушыларына алғысын білдіріп, «Ұрпақтар сабақтастығын» жалғастыруда зейнеткерлердің мол тәжірибесі мен нақыл сөздері маңызды екенін баса айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button