Сайлау - 2021

ADAL қатары көбейіп жатыр

ADAL саяси партиясы үгіт-насихат тобының халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы шықты. 11-28 желтоқсан аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарында 3 583 кездесу өтсе, оған 71 256 адам қатысқан.

Үгіт-насихат кезеңінде партияға 57 мың адам кірді, қазір партия мүшелерінің саны 111 875 азаматты құрайды.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, аймақтардағы кездесулерге қатысушылардың саны шектеулі болды. Дегенмен ADAL партиясы өкілдері сайлаушылармен тікелей кездесті. Сол себептен ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына барлық 16 үміткер еліміздің түрлі аймақтарына аттанды.
Өңір тұрғындары көптеген өзекті мәселелерді айтты. Көбіне тұрғындар инфрақұрылымға қатысты проблемаларға, жолдың нашарлығына, жалақының төмендігіне, мемлекеттік органдардағы бюрократтыққа және жеке қажеттіліктер үшін жердің жетіспеуіне шағымданды.
Сондай-ақ тұрғындар қоршаған ортаның нашарлығы мен медициналық көмек алу мәселесін айтқан. Бұл мәселелерді шешу партияның бағдарламалық құжатында көрсетілген. ADAL партия­сы сайлау нәтижелеріне қарамастан, жоғарыдағы проблемаларды шешумен айналысуды жалғастыра береді.
«Біз әр аймақ тұрғындарының проблемаларының үлкен дерекқорын жинадық, сондықтан біз 7 пайыздық межеден өтпесек те, осы мәселелерді шешуді жалғастырамыз деп сендіргім келеді. Өңірлердегі жобалық кеңселер форматында жұмыс істейтін боламыз» деді депутаттыққа үміткер Олжас Ордабаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button