ДенсаулықҚоғам

АДАМДЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Елордадағы №2 қалалық аурухананың кардио­хирург­тері екі рет клиникалық өлімді бас­тан кешкен кісіге күрделі ота жасады. Алпыс төрт жастағы пациенттің жағ­дайы бүгінде жақсы.

Бұл – кардиологиядағы ерекше уақиғалардың бірі. Аталған жайт туралы астаналық дәрігерлер көшпелі отырыс аясында медициналық мекемеде қонақта болған Мәжіліс депутаттарына баяндап берді. Халық қалаулыларын бәрінен бұрын медициналық көмектің қолжетімділігі мен қауіпсіздігі, сондай-ақ, қанай­налым жүйесінің ауруларына қатысты мәселелер қызықтырды. Дәрігерлердің тиімді жұмысы арқа­сында қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші бас шаһарда 41,8 пайызға азайыпты. Жалпы, жүрегі ауыратын азаматтарға арнал­ған стационарлық көмектің 93 пайызы №2 ауруханада көрсе­тіледі екен. Мәжіліс депутаттары клиникаға, оның жабдықталуына, мамандарына, сонымен қоса, ондағы медициналық қызметтің сапасына жоғары баға берді.
Бұл аурухана көппрофильді стационар ретінде Астана қаласы мен республика жұртшылығына жедел және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Стационар 2010 жылдың маусымында пайдалануға берілген. 2015 жылы мұнда 10866 адамға ота жасалған. Дәрігерлердің айтуын­ша, жүрек ауруына шалдыққан пациенттерді емдеуде ерте сауық­тыру ісіне ерекше назар аударылады. Бұдан бөлек, кардиологтар өз науқастарының хал-ахуалын үйіне шығарылғаннан кейін де бақылап отырады. Сол үшін стационар елор­дадағы барлық емханалармен тығыз әріптестікте жұмыс істейді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button